Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2026 жылғы 23 ақпанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Болжам бойынша, дүйсенбі күні ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттарәсер етеді.

«Соның салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.

Тек батыс өңірлерде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша кей жерлердетұман түсіп, жел күшейеді.

синоптик Ауа райы ақпан Қыс

Тақырыпқа жаңалықтар