Бүгін елордада оқушылар қашықтан оқиды
Елордада 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп жазылған ақпаратта.
Синоптиктер Астанада дауылды ескерту жариялады. 6 ақпанда қалада қатты жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: