Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай Муй ауданына қарасты "Ирокинда" кенішінде болған. Өңірде қар көшкіні болып, салдарынан 6 адам қаза тапқан. Олардың ішінде қазақстандық бар.
Негізінде аумақта тоғыз адам болған. Үшеуі өздігінен шығып үлгерген. Алайда алтауы қар астында қалған. Қаза тапқандардың денесі табылды.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Себебі құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: