Бурабайда ит ататын адам әріптесін абайсызда атып жіберді

Бурабайда қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы адамға тиіп кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қызметкердің оғы әріптесінің аяғына тиіп кеткен.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды", – деп хабарлады ведомство.

Ақмола облыстық полиция департаменті абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ полицейлер қолданылған қаруды тексеріп жатыр.

өңір Бурабай оқ атты науқас

Тақырыпқа жаңалықтар