Данияр Елеусінов полицияға жеткізілді

Елеусінов жол көлік оқиғасына тап болып, полиция келгенше қашып кеткен. Спортшы іздеу барысында ұсталған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Нұра ауданы бойынша «102» арнасына Төле би көшесі мен Халифа бен Заид әл-Нахаян көшелерінің қиылысында (Хан Шатыр СОО маңы) үш көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser маркалы, мемлекеттік нөмірі 001 EDM 01 автокөлігінің жүргізушісі апатқа кінәлі болып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Іздестіру шаралары барысында аталған көлік Достық көшесінде, Хан Шатыр сауда орталығының қарсы бетінде тоқтатылды.

Көлікті Данияр Маратұлы Елеусінов (13.03.1991 жылы туған, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы) басқарғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде болған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Елеусінов Спортшы бокс чемпион
Кеше, 16:29 Қазақстан жаңалықтары
7 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:20 Қазақстан жаңалықтары
7 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар