Дәрігерді ұрып-соққан ер адам қамаудан босатылды
Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққандардың бірі кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Талғар орталық ауруханасында дәрігер мен мейіргерін соққыға жыққан Алматы облысы тұрғындарының бірі кепілмен босатылды, дейді аудан сотының баспасөз қызметі.
"Берілген кепіл сомасы шамамен 1,2 млн теңгені құрады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Талғар ауданының ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін ұрлап кеткен.
Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді соққыға жыққандарды жазалауды талап еткен еді.
Екі күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: