Денесінде 60-тан астам жарықшақ қалған Берденов Қытайда көзге түсті

Әлеуметтік желілерде кәсіпкер Руслан Берденовтың Қытайда түскен суреті пайда болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Суретті кәсіпкер Сырымбек Тау өз парақшасына жүктеп, көп өтпей өшіріп тастады.

Сырымбек Тау Бейжіңде Sandyq мейрамханасы ашылғаны туралы айтты. 2021 жылы Руслан Берденов серіктестерімен бірге бірнеше қалада «Sandyq» мейрамханалар желісін іске қосқан еді. Сырымбек Тау жариялаған суретте Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де бар.

«Біз Бейжіңде Sandyq мейрамханасын ашамыз. Sandyq жобасын мемлекет басшысына таныстырамыз», - деді жоба өкілі Нұржан Ниязалиев.

Ал ең қызығы, Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденов бес оқ жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатқанына байланысты сот отырыстарына қатыса алмай, кейіннен қашықтан байланысқа шықты.

Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің экс-орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша сот процесінде Берденовтің денесіндегі жарақаттардың суреті де көрсетілді.

Руслан Берденов Қытай Кафе сурет

Тақырыпқа жаңалықтар