Қазақстан жаңалықтары31 қазан 2023, 17:24

Денсаулық сақтау министрлігі кез келген жерден ет алмауға кеңес берді

Ет және ет өнімдерін рұқсат етілген орындардан ғана сатып алу керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Биыл күйдіргінің 37 жағдайы тіркелді. 19 - Жамбыл облысында, 15 - Ақмола облысында және 3 - Қарағанды облысының Абай ауданында болды. Стационарда 3 науқас ем алып жатыр. Күйдіргінің жұғуына ауырған малды сою, етін тасымалдау, сақтау және ауру мал етін кәдеге асыру себеп», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Ет және ет өнімдерін рұқсат етілген базар, дүкендерден сатып алу қажет. Кез келген жерден сатып алмаған жөн. Етті жақсылап пісіру және толық піспеген еттің дәмін көрудің қажеті жоқ. Тағы бір маңызды жайт: күйдіргіні жұқтырған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды. Өйткені ол аурудың асқынуына әкелуі мүмкін және өлім қаупін арттырады.

Денсаулық сақтау министрлігі Ет Кеңес Қауіпсіздік

Тақырыпқа жаңалықтар