Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
Нұрасыл Болат сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Еске салайық, 2023 жылғы 11 ақпанда Нұрасыл адвокаттар Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққан. Жәбірленушілердің айтуынша, олар Болат агрессия көрсеткен қызды қорғамақ болған.
2023 жылғы 9 қазанда әскери сот оны бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салды. Ал 2024 жылы үкім өзгеріп, 2 жылға сотталған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: