Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2026, 10:40

Депутат Конституцияда отбасы мен неке ұғымын күшейтуге үндеді

Депутат Конституцияда отбасы мен неке ұғымын күшейтуге үндеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, халқымыздың бас құжаты Ата заңымызда отбасы мен неке сияқты қастерлі ұғымдарды күшейту керек.

"Оған жауапты ер мен әйелдің рөлін, олардың жауапкершілігін, ара-қатынасын нақты шегелейтін уақыт жетті. Себебі дәстүрімізге теріс, адамзат болмысына, оның табиғатына қарама-қарсы құндылықтарды насихаттайтын жат әрекеттер қоғамда аз емес", - дейді ол.

Бұл туралы депутат Астанада өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында айтты.

депутат Конституция Ақпарат Отбасы
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар