Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
“Дикий Арман” лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.
«Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен 3 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетейік, тағылған айып бойынша оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: