Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Америкалық музыка марапаттардың бірі «Grammy» сыйлығының ресми сайты мен YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің өз авторлық «Fire» композициясымен орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті.

Қазан айында ол Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында қазақ мәдениетін жоғары деңгейде таныстырып, зор табысқа жеткенінен кейін Димаш АҚШ-тағы ең беделді музыкалық институттардың бірі Grammy.com платформасы және америкалық Ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясымен шығармашылық байланыс орнатты.

«Global Spin» жобасы 2021 жылдың қыркүйегінде әлемдік музыкалық қауымдастықты қолдау және дамыту мақсатында іске қосылған.

Димаш Құдайберген Әнші жоба шығармашылық

Тақырыпқа жаңалықтар