Қазақстан жаңалықтары19 қаңтар 2024, 20:41

Донорлықтан алдын ала бас тарту немесе келісу

Қайтыс болғаннан кейінгі ерікті ағза донорлығының тақырыбы әлі де көптеген сұрақтар мен күмән тудыруда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазады.

Егер адам басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзіне қайтыс болғаннан кейін донор болуға шешім қабылдаса, онда ол кез келген уақытта «Электрондық үкімет» порталында немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгініп, келісім білдіре алады, бұл тіркелген жері бойынша емхана болуы мүмкін.

Сондай-ақ eDensaulyq бөлімінде eGovMobile мобилдік қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ келісіміңізді тіркей аласыз.

«Өтініш бергеннен кейін сіз оны өңдеу және келісіміңізді растау туралы бірден жауап аласыз. Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісімді тіркеу туралы анықтама ала отырып, мемлекеттік қызмет нәтижелерімен бірден таныса аласыз.

Келісімді немесе бас тартуды шектеусіз бере алатыныңызды айта кеткен жөн. Осылайша, адам кез-келген уақытта өз шешімін өзгерте алады», — делінген ведомство мәліметінде.

донор болу трансплантация рәсімдеу Портал

Тақырыпқа жаңалықтар