ДСМ: Балалардың ауруына себеп болатын вакциналарды сатып алу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Әлеуметтік желілерде арзан вакциналарды сатып алу салдарынан балалардың ауырып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
«Вакциналарды сатып алу барысында ДДҰ-ның талаптарына сай болуы, қатаң реттеуші бақылауы бар елдерде тіркелуі, клиникалық зерттеулерден өтуі, өндірістің GMP халықаралық стандарттарына сәйкестігі және тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингінің деректері де ескеріледі», - делінген министрлік хабарламасында.
Елімізде екпе салу нәтижесінде балалар арасында қызылшамен сырқаттану 90%-ға, қызамық пен паротит 95%-ға төмендеген. Ал полиомиелит 1996 жылдан, дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: