Дженнифер Лопестің концертінен бюджетке түсетін салық көлемі 600 млн теңге шамасында болмақ

Алматы қаласында өткен Дженнифер Лопестің концертінен бюджетке түсетін салық көлемі 600 млн теңге шамасында болмақ, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. Концертке 27 мың көрермен жиналған. Оның шамамен 7 мыңы ТМД елдерінен бастап АҚШ, Канада, Түркия, Жапония, Қытай, Германия, Ұлыбритания, Франция секілді 35 мемлекеттен арнайы келген. Билет 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейінгі бағада сатылған. Ұйымдастырушылардың алдын ала жасаған есебі бойынша бұл іс-шарадан бюджетке түсетін салық көлемі 600 млн теңге шамасында болмақ.

Сондай-ақ Up All Night туры аясында алты апта бойы әлем елдерінде болған концерттерде Дженнифер Лопеспен бірге жұмыс істеген кәсіби мамандар Алматыдағы сахнаның, шоу өткен алаңның дайындығына жоғары баға беріп, үздік деп атаған.

«Туризм басқармасының пайымдауынша, көрермендердің шығыны мен жанама кірістерді қоса есептегенде, концерттен қалаға түскен табыс айналымы 10 млрд теңгеден асады. Мұндай мәдени іс-шаралар қала қазынасына қомақты кіріс әкеліп қана қоймай, Алматының туристік тартымдылығын арттырып, оны әлемдік гастроль картасындағы маңызды орталық ретінде танытады», - делінген мәліметте.

Алматы салық концерт Лопес
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар