Екі күнде екі оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Екі күнде екі оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау маңындағы Геолог ауылында 2 және 3 шілдеде суицид жасаған жасөспірімдердің денесі табылған. Екі бала да Атыраудағы бір мектепте оқыған.

2 шілдеде 14 жастағы ұл баланың денесі табылған – ол жеке үйдің ауласында асылып қалған. Келесі күні, 3 шілдеде, 15 жастағы қыз баланың өлімі туралы хабарланды – ол тұрғын үйдің екінші қабатынан табылған.

Полиция бұл фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеді, алайда суицид себептері әзірге белгісіз.

Марқұм болған жасөспірімдер бір мектепте оқығанын оқу орнының директоры Айғаным Махметова растады. Оның айтуынша, ұл бала 9-сыныпты бітіріп, жуырда аттестат алған.

Ал қыз бала 10-сыныпта оқыған. Махметованың айтуынша, ол мектептің озат оқушыларының бірі болған.

Бала Қаза Мектеп сынып

Тақырыпқа жаңалықтар