Екі өңірде көкөністі үш есе қымбатқа сатып алып отырған
Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген, - деп хабарлайды Arbat.media.
.Бұл фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады.
Мәселен, ШҚО-да ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген.
ҚМА өңірлік департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөніс бағасы 2 еседен астам төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).
Сонымен қатар, СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сататын 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған.
Картоп бір кг 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ға арзан болған (141 теңгеден).
Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.
Әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек.