Екі үйір жылқыны атып, етін алып кеткен күдіктілер ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар үй жануарларын заңсыз атып, кейін сойып, етін алып кету арқылы қылмыс ізін жасыруға тырысқан деген күдікке ілінді. Күдіктілер қамауға алынды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында бұл оқиғаның жергілікті тұрғындар арасында үлкен қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды.

Тінту кезінде Ақши ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен аңшылық қару мен сойылған жылқының бөлшектері табылып, тәркіленді.

Алматы Ақши Жылқы Сауда

Тақырыпқа жаңалықтар