Екі жігіт айыппұлдарға ашуланып, көшедегі камераларды қиратып кеткен

Оқиға Түркістан қаласында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түнгі уақытта бетперде киген екі жас жігіт ұзын таяқтың көмегімен төрт құрылғыны қиратқан. Осылайша олар 700 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Полицейлер жақын маңдағы камералардың жазбаларын зерттеп, күдіктілерді қолға түсірген.

Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облыс Бағдаршам бұзақы

Тақырыпқа жаңалықтар