Екібастұзда моладан шыққан өрт елдің жүрегін шайлықтырды
Екібастұздағы зиратта құрғақ шөп тұтанып, мола түгел өртене жаздады, деп хабарлайды Arbat.media.
Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 6 сәуір күні түскі уақытта басталған. Өрттің шығу себебі зират аумағында құрғақ шөп тұтанып кеткен. Өрт шыққан аумақ жалпы 500 шаршы метр жерді құрайды. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: