Қазақстан жаңалықтары14 қараша 2023, 10:54

Экология министрлігі киіктердің Ресейге жаппай ауып жатқанын жоққа шығарды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі әлеуметтік желідегі киіктердің жаппай Ресейге ауып жатқаны туралы мәліметті теріске шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media

«Киіктердің Ресей Федерациясына (Саратов, Волгоград, Астрахан және Орынбор облыстары) жаппай ауып жатқаны туралы мәлімет расталмайды», - делінген министрліктің редакция сауалына жолдаған жауабында.

Ведомство мамандары киіктің маусым сайын көшіп-қонып жүруі табиғи құбылыс екенін еске салған.

Еске салайық, 13 қарашадағы жағдай бойынша елімізде киік санын қолдан реттеушілер 11 мың бастан астам киік атқан.

«2023 жылдың 13 қарашасындағы мәлімет бойынша 15 380 киік атылды. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысында 10 киік, Батыс Қазақстан облысында 3944 киік) арнайы қоршауға алынса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1833 киік, Қарағанды облысында 2049 киік, Қостанай облысында 1479 киік және Батыс Қазақстан облысында 6065 киік) ауланды», - деп жазылған ведомствоның редакция сауалына жолдаған жауабында.

киіктер Ресей экология министрлігі жоққа шығарды

Тақырыпқа жаңалықтар