Экс-президент әйелімен бірге 15 жылға сотталып кетті
Бұрынғы президент пен оның әйелін қылмыстық ісі бүкіл Латын Америкасын дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Перу соты бұрынғы президент Оллант Умалды және оның әйелін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Экс-президент ақшаны жылыстатқаны үшін кінәлі деп танылды.
Перу баспасөзінің хабарлауынша, ұлттық жоғарғы сот Умал мен оның әйелі Надин Эредия 2006 және 2011 жылдардағы сайлау науқандары кезінде Бразилияның Odebrecht құрылыс компаниясы мен Венесуэла үкіметінен шамамен 3 миллион доллар қаражат алған.
Сонымен қатар экс-президенттің әйелінің ағасы Илан Эредия да осы іс бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Судья сотталушылардың айыбы толық дәлелденгенін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: