«Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі ұсталды
Әлеуметтік желіде qazaq_robin_hood лақап атымен танымал Ілияс Сариев ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қазақ Робин Гуд — Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды», - деп жазды заңгер.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
«Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде.
Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады ПД.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: