Қазақстан жаңалықтары25 желтоқсан 2023, 17:52

Еліміз Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғызстанға 310 млрд теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

ҚР Көлік министрлігі Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстанға 310 млрд тонна гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қаулы шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл еліміз Тәжікстан Республикасына 5000 тонна бидай ұнын, 61,86 тонна күнбағыс майы, 143,58 тонна ет консервісін, 240 тонна макарон, 507,70 тонна күріш, 92,50 тонна экспедициялық жабдықтар жөнелтті.

Сонымен қатар тамызда Көлік министрлігі Тәжікстанға 10 дана вахталық контейнер қолдау көмегін ұсынды. 

Көлік министрлігі сондай-ақ Ауғанстан Республикасына — 35,42 тонна дәрілік зат, 21,24 тонна құрама жүк, Қырғыз Республикасына — 1000 тонна жаздық бидай тұқымын жеткізді.

Одан бөлек 23 желтоқсандағы № 1052 қаулы бойынша Тәжікстан мен Ауғанстанға 380,055 тонна гуманитарлық көмек ұсынылды.

Айта кетейік, бюджет бағдарламасында аталған үш елге көрсетілетін көмектің жалпы сомасы — 310 млрд 341 млн 882 мың теңге деп көрсетілген. 

Оның ішінде 216 062 996,71 теңге — Ауғанстанға, 16 936 096,84 теңге — Қырғызстанға, 77 342 789,19 теңге — Тәжікстанға қарастырылған.   

Қазақстан гуманитарлық көмек таяу шығыс

Тақырыпқа жаңалықтар