Қазақстан жаңалықтары6 наурыз 2024, 15:34

Елімізде бағдаршамның сары түсі жанған кезде жолдан өтуге тыйым салынды

Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертті. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, көбіне жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрғанда өткен кезде болады. Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бағдаршам жаңа заң ереже сары түс

Тақырыпқа жаңалықтар