Елімізде киіктерді ату басталады
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бүгінде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.
«Биологиялық негіздемеге сәйкес, киік санын реттеудің екі түрі ұсынылды. Біріншісі – коралдық (киіктерді айдап кіргізетін қоршау) әдіс. Бұл іс-шара әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісі – түнгі уақытта ату. Біз бірінші жолмен жүрдік. Алайда, ауа райының жағдайына және көлікті тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты еінші әдісті жоспарлап отырмыз. Мен жауаптан қашпаймын, киік санын реттеу қажет».
«Бұл қасқыр сынды тахи реттеушінің жоқтығын орын алып отыр. Бұрын жұт, құрғақшылық болып, жайылым болмай қалатын. Мұнан бөлек, ауру таралатын».
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: