Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 12:23

Елімізде қандай қылмыстар азайды

Елімізде қылмыстың төмендеуі байқалады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жарты жылдық жұмыс есебінің қорытындысын баяндады. Спикер келтірген деректерге сәйкес, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 2%-ға; ұрлық 29%-ға; мал ұрлығы 33%-ға; тонау 20%-ға азайған. Қылмыстардың ашылуы да жақсарған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ведомство «SOS» батырмаларын орнату жұмыстарын жалғастыруда, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бүгінгі таңда республика бойынша 284 құрылғы жұмыс істейді. Оларда бейнебақылау камерасы бар. Жалпы мұндай батырмалар қылмыс деңгейін төмендетуге және қала тұрғындары мен туристердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі», - деді Ш. Әлекешев министрлік өткізген брифингте.

Мәселен, ақпан айында елордалық полицияға батырма арқылы «Көктал» шағын ауданының саябағында жоғалып кеткен 8 жасар бала қоңырау шалған.

Сондай-ақ мамыр айында «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы жанындағы батырманың көмегімен жоғалған 6 жасар қыз полицияға хабарласқан. Тек 1 маусымда Астанада «SOS» батырмалары арқылы полицияға жүгінудің 4 фактісі тіркелген.

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1,3 млн бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 291 мың камера полицияның жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне қосылған. Олардың көмегімен жыл басынан бері 5 мыңнан астам қылмыс және 324 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Айта кету керек, Ішкі істер министрлігі қаржы институттарымен және жеке компаниялармен бірлесіп, бюджеттен қаражат кетірмей, түймелерді орнатудың оң тәжірибесін енгізді. Осы тәсілмен 38 құрылғы орнатылған.

Қазақстан қылмыстар Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар