Елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады

Мемлекет басшысы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстанның волонтерлік бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа ризашылығын білдірді.

– Біз еріктілікті мемлекеттік саясат тұрғысынан алғанда, шынайы патриотизмнің және жастарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көрінісі ретінде қарастырамыз. Менің бастамаммен жаңа Конституцияға волонтерлік қағидалары енгізілді. Онда волонтерлік қызметті ынталандыру алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылы аясында мыңнан астам іс-шара өтуде, елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады.

Волонтерлік қозғалыстың 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Волонтердің цифрлық паспорты енгізіліп, мемлекеттік қолдау тетіктері мен өңірлік инфрақұрылым жетілдірілуде.

БҰҰ Президент еріктілер

Тақырыпқа жаңалықтар