Елімізде жеке деректердің жаппай таралуына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

Елімізде жеке деректердің жаппай таралуына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз цифрлық деректермен жұмыс істеуде кез келген бұзушылыққа қатысты “нөлдік төзімділік” саясатына көшеміз. Осы мақсатта ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтамағандар үшін әкімшілік айыппұлдардың шекті мөлшерін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткізуді ұсынамыз. Сонымен қатар, жеке деректердің жаппай таратылуына байланысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», – деді вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Оның айтуынша, цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс, ал жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі заңға сәйкес бағалануы қажет.

дерек Жауапкершілік Заң Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар