Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 12 жол жабық тұр
"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны туралы ағымдағы деректерді жариялады. Қазір республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған. Бес облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«18 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды», — деп жазды ведомстводан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: