Еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздегі бірнеше өңірде қар, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі.
Сондай-ақ, Абай, Ұлытау, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстарында дауылды ескерту жарияланған. Республиканың оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарында желдің соғу жылдамдығы 20 м/с-ке жетуі мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: