Елорда тұрғыны Есілге батып кетті
Астаналық құтқарушылар суға батқан ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Шығанақ көшесі маңында суға батқан ер адамның денесі табылды. 1986 жылы туған ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: