Қазақстан жаңалықтары21 маусым 2024, 17:23

Енді мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төленбейді

Бұдан былай айыппұл төлеуді кешіктірген ел азаматтарының мүлкіне шектеу қойылмайды. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникалар алаңында өткен брифингте 50 күнде айыппұл төлеу мерзімі біткен азаматтарға тағы да хабарлама жіберілетінін айтты. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдай іске жеке сот орындаушылары араласпайды әрі олардың қызметіне төленетін 25 пайыз қаржы тұрғындардың қалтасында қалады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Осы бағыттағы жеке сот орындаушының қызметін роботтар атқарады.

«Мәселен, «Сергек» камерасы арқылы айыппұл арқалап, оны төлеуге үлгермей қалсаңыз сіз қолданатын банк қосымшаларына SMS және push-хабарлама жібереміз. Робот жұмысы арқылы жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесін үнемдеу жоспарланып отыр. Осылайша, жеке сот орындаушыға артық ақша төленбейді», деді Бекболат Молдабеков.

мерзімі өткен айыппұл мерзім Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар