Енді сталкинг пен дропперлік қылмыс ретінде қаралады
Енді сталкинг пен дропперлік қылмыс ретінде қаралады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қылмыстық кодекске дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді. Істің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай, айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», - делінген хабарламада.
Ал сталкинг жасағандар 50 тәулікке дейін қамалады.
Енді сталкинг үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: