Энергетика министрлігінің мессенджерлерін бұзып кеткен
ҚР Энергетика министрлігі белгісіз біреулер ведомство басшылығының мессенджерлерін бұзғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Белгісіз біреулер ҚР Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін бұзып кеткен. Осыған байланысты, бұзылған нөмірлер арқылы әртүрлі зиянды сілтемелер, жалған ақпарат, негізсіз сұраулар таратылған. Мұндай хабарламаларға сенбеуді сұраймыз», деді министрлік қызметкері Шыңғыс Ілиясов.
Ол мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын қоса айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: