Ер адам спа-салонда жұмыс істейтін қызға шабуыл жасады
Әлеуметтік желіде ер кісінің ресепшн алдында қызметкер қызды аяусыз ұрғаны көрсетілген бейнежазба жарияланды. Алматыдағы спа-салонға Ресей азаматы келіп, өзіне сыра сатуды сұраған. Салон қызметкерінің теріс жауабына қанағаттанбаған ол қызды бірнеше рет ұрып, шашынан тартқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ал бейнежазба қауіпсіздік камераларына түсіп қалған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: