Ертең Алматыда сирена ойнайды

Ертең, 25 ақпанда Алматыда «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында жоспарлы тексеру жүргізіледі. Сағат 11:00-де қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Алматы әкімдігі ақпарат таратты. Теле және радиоарналарда сынақ туралы хабар таратылады.

«Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл жоспарлы оқу-жаттығу.

«Барлығыңыздың назарыңызға!» дабыл сигналын естіген жағдайда теледидарды немесе радионы қосыңыз немесе ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратпен танысу қажет», деп хабарлады әкімдіктегілер.

25-26 ақпанда қалада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтеді.

дабыл Алматы ертең жаттығу
22 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:24 Қазақстан жаңалықтары
22 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар