Ертең наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдаудың соңғы күні
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау ертең сағат 23:59-да аяқталады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Көрсетілген уақыттан кейін тест тапсыру пунктін, күнін және уақытын өзгерту мүмкін болмайды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
Бейіндік пәндер мен тестілеу тілін өзгертуге тест басталуына 24 сағат қалғанда ғана рұқсат етіледі.
Мамандар талапкерлерді өтініш беру барысында барынша мұқият болуға шақырды. Наурыз айындағы тестілеу уақыты – 4 сағат, яғни 240 минут. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт сақталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: