Қазақстан жаңалықтары7 мамыр 2024, 23:40

Ертіс-Баян өңірінде киік саны 5 есе көбейген

Қазіргі күні Павлодар облысының аумағын мекендейтін ақбөкендердің саны шамамен 20-25 мыңдай бар. Түз тағысы көбіне Май, Баянауыл аудандарының жазығын төңіректейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша, соңғы жылдары өңірдегі ақбөкендердің саны айтарлықтай артқан.

«2020 жылмен салыстырғанда қазіргі күні облыстағы киік саны 5 есеге жуық көбейген. Шамамен 20-25 мыңдай дала жануарын санадық. Киіктерді қорғау мақсатында 15 сәуір - 15 мамыр аралығында «Ақбөкен» науқаны өткізіліп жатыр. Ол табиғат қорғау заңнамаларын бұзушыларды және заңсыз аңшылықпен айналысушыларды анықтауға бағытталған», - дейді бас инспектор.

 

Ертіс-Баян киіктер киіктер көбейген

Тақырыпқа жаңалықтар