Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2025, 10:43

Ертіс өзеніне көлігімен бірге батып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Семейде Ертіс өзеніне көлігімен бірге батып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Семей қаласының «112» қызметінің пультіне Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралының ауданында 1988 жылы туған жеңіл көліктің жүргізушісі ауыл жолымен жүріп өтіп, өзенге кіріп кетіп, суда қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген құтқарушылар көліктің терезе бойымен суда тұрғанын, ал жүргізушісі автокөліктің төбесіне өздігінен шыға жансауғалап тұрғанын көрді.

«Құтқарушылар алдымен ер адамды жағаға апарып, оны жылытып, содан кейін көлікті шығарып алды» - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Су, батты, көлік
Кеше, 12:40 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар