Есіл бойынан 8 жасар баласы бар әйел табылды
Павлодарда 8 жастағы ұлымен далада қалған әйел табылды, оны заңсыз некедегі күйеуі пәтерден қуып жіберген. Бұл туралы Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық уәкіл Сәуле Шакенова айтты, деп хабарлайды Arbat.Media Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Әйел кәмелетке толмаған жасөспірім баласымен өзен бойын паналаған.
«Кешкі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сағат 21:05-те Усольский ықшамауданындағы өзен жағасында қасында 8 жасар ұлы бар келіншек табылды. Әйелдің айтуынша, оны бірге тұратын ер адам баласымен бірге жалға алған пәтерден қуып жіберген. Ол таңертеңнен бері өзен жағасын кезіп жүрген. Баратын жері жоқ», - деп жазды ол.
Сәуле Шакенова ана мен баланы дағдарыс орталығына орналастырғанын атап өтті.
«Орталықта оларға тегін түрде психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ол орталықта алты айға дейін тұра алады», - деді уәкіл.