Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2024, 9:00

Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі сәуірдің 21-де сағат 16:30 шамасында Целиноград ауданы полиция бөліміне Есіл өзені бойындағы көпірдің астынан еркектің  денесі табылғаны туралы хабар түскенін жария етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қайтыс болған адамның Жаңаесіл ауылының 52 жастағы тұрғыны екені және денесінде пышақ жарақаттары бар екенін анықталды. Адам өліміне күдікті ретінде 49 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу шаралары қолға алынды», - деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

 

Ақмола облысы Есіл өзені мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар