Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 14:45

Ева Корышева Аустралиядағы жарыстың финалисі атанды

Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында Asla-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Қазақстандық, 14 жасар Ева Қорышева беделді жарыста табысты өнер көрсетті.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі тек финалда ғана тартысты матчта корт иесі Эмили Ченге есе жіберді — 6:2, 4:6, 4:6.

Кеше жаңбырға байланысты барлық матчтар кейінге қалдырылғандықтан, қазақстандық спрртшыға бүгін жартылай финалды бітіріп, соңғы бәсекеге шығуына тура келді.

Ева Павел Цойдың қарамағында жаттығады. Өткен жылы 24 кездесудің 19-ында (83 пайыз) жеңіске жетіп, рекордтық нәтиже көрсеткен.

Жылды Tennis Europe рейтингісінде 18-орынмен аяқтаған еді.

Сондай-ақ ол Еуропа теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» (Еуропа одағына кірмейтін елдерден) сыйлығын алған-ды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Ева Корышеваның Аустралиядағы жарыстың жартылай финалында ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аустралия ашық чемпионатында әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталды.

Ева Корышева Австралия Asla-Pacific Elite 14 & Under Trophy

Тақырыпқа жаңалықтар