Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2024, 20:12

Ғалымдарды әлеуметтік қолдау пакеті кеңейтілмек

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті дайындаған қорытындыны таныстырған депутат Нұртөре Жүсіп аталмыш заң ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін жақсартуға бағытталғанын атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Заңда Ұлттық ғылым академиясының құқықтық мәртебесі, Ғылым қорының қызметі және ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері бекітіледі. Заң ғылыми инфрақұрылымның негізгі элементтерін, ғылыми ұйымдарды қаржыландыру тәртібі мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламаларын іске асыруда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу шараларын, сондай-ақ ғылымды дамытуды, оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқылы ынталандырудың мемлекеттік шараларын, сондай-ақ ғылыми қызметті мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

Сондай-ақ ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында оларға ай сайынғы қосымша ақылар белгілейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру нормалары енгізілді, сондай-ақ жас ғалымдарды қоса алғанда, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау пакеті кеңейтілуде», - деді депутат.

Сенат депутаттары заңды мақұлдау туралы шешім қабылдады.

ғалымдарды қолдау Өтемақы Демалыс сенат

Тақырыпқа жаңалықтар