Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды
Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Президент Жұлдыз Сүлейменованы Оқу-ағарту министрі етіп тағайындады. Ол 2021 жылдан бері Мәжілісте депутат болды. Ақтөбенің тумасы. 42 жаста. Тарих мамандығын бітірген. «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алған. Мектеп пен университеттерде сабақ берген.
2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: