Гуманитарлық көмекті ұрлады деп жала жапқан әйел айыппұл төледі
Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды. WhatsАрр чаттарда 27 жасар азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарламасы тараған.Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК — 36 920 теңге айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: