Интернет-алаяқ: 16 адамның атынан онлайн несие алған
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 14:00

Интернет-алаяқ: 16 адамның атынан онлайн несие алған

Солтүстік Қазақстан облысында интернет алаяқтық қылмысы көбейіп, жыл басынан бері 513 факті тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 73 дерекке көп. СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Миржан Махметтің айтуынша, мұндай қылмыстарды ашып, ұрланған ақшаны қайтару қиын. Десек те сотқа дейін жеткен істер бар. Мәселен 28 жастағы петропавлдық облыс орталығының тұрғындарына онлайн кредиттер ресімдеумен айналысқан, сотқа дейінгі тергеу барысында оның осындай 16 эпизодқа қатыстылығы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны танымал сайттарда пәтерлерді жалға беру туралы хабарламалар орналастырған, оның құрығына 14 адам түскен, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Полиция департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруге ерекше мән береді. Хабарлама сайттарында 1 425 хабарландыру тексеріліп, 274-і сайт әкімшілігімен бұғатталды. EGOV Mobile, сондай-ақ EGOV сайтындағы «6 ай мерзімге банктік қарыздар, микро несиелер алудан ерікті түрде бас тарту» қосымшасына облыс халқының 27%-ы қосылған. Талдау көрсеткендей, интернет алаяқтардың құрығына көбіне 40 жастан 60 жасқа дейін адамдар түседі. Қылмыскерлер көбіне оларға несие ресімдеген», - дейді Миржан Махмет.

Маманның айтуынша, қылмыстың аталған түріне 4 жылға дейін ауыр санаттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Интернет алаяқтарды ұстап, халық арасында түсіндіру жұмысын арттырғанымызбен қылмыстың бұл түрі биыл 16%-ға өсті. Танымал схемалар – қаржылық жобаларға қатысуға шақыру, банк қызметкері болып қоңырау шалу, ұялы байланыс операторының өкілі ретінде телефон арқылы хабарласу», - дейді полиция қызметкері.

Интернет-алаяқ Несие онлайн несие СҚО

Тақырыпқа жаңалықтар