“Ішіп алған”: Алматыдағы Сайран көлінде тағы бір адам суға кетті
Алматыдағы Сайран көлінде 1 күнде 2 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кешкі сағат 19:26-да Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның мәйіті шығарылды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде мас күйінде шомылып жүріп батып кеткен.
Ал сағат 17:30 шамасында 18 жастағы жігіт суға батып кеткен еді.
Полицияға батыс жағалауда баланың суға батып кеткені туралы хабар түскен. Полиция келіп, Сайран жағалауында оқиға орнын қоршауға алған. Ол жерде кезекші прокурор мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.
Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде барлық құрылыс, санитарлық жұмыстар толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: