Қазақстан жаңалықтары2 қараша 2024, 15:00

Итті пышықтап, аяусыз тепкен оқушыны полиция есепке алды

Оқиға Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болды. 9-сынып оқушысы итті тепкен, пышақтаған. Видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоны зерттеп, баланың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АКТОБЕ | AKTOBE | 04 (@aktobe365)

– Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында жас баланың итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазбасы анықталды. Тексеру барысында оқиға биыл мамыр айында Темір ауданының аумағында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Оқушы өзінің ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралады. Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ит жауыздық есепке алу Ақтөбе
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар