Іздеу: Алматы облысында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабаған
Әлеуметтік желіде Алматы облысының тауларында мотоциклшілерді мылтықпен қорқытып, қамшымен сабаған адамдардың бейнежазбасы тарады. Аталған жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
— 14 шілде күні «Известковый» тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті. Жәбірленушілер сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: